Абай облысында 9 млн теңгенің құрылыс материалдары ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында 9 млн теңгенің құрылыс материалдары ұрланды

12.07.2022

Абай облысы Бесқарағай ауданында бір тұрғын жеке шаруашылықтың қора салатын бетон жабындылары мен тіреуіш бағаналарын үптеп кеткен. Мүлкі жоғалған шаруа бірден полицияға шағымданған. Іздестіру баысында полицейлер «Ерназар» ауылының 49 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстайды. Ол айыбын бірден мойындаған. Ал күдіктінің ұрлаған құрылыс материалдарының құны 9 миллион 300 мың теңгеге бағаланып отыр. Қазір іс бойынша тергеу басталды. 

Хабарламаларға жазылу