«Іле-Балқаш» резерватындағы бұқар бұғыларының саны 150 басқа жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Іле-Балқаш» резерватындағы бұқар бұғыларының саны 150 басқа жетті

11.07.2022

«Іле-Балқаш» резерватындағы бұқар бұғыларының саны 150 басқа жетті. Жануарлар Қарашеңгел аңшылық шаруашылығынан жеткізілген. Жалпы, әкелінген бұғы басы - 61. Олардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында, жіберілген жеріне 6 фототұзақ орнатылды. Сондай-ақ, үш бұғыға GPS орнатылған қарғыбау тағылды. Аталмыш құрылғының жануарларға еш зияны жоқ. Естеріңізге сала кетейік, бұл бұғылардың "Іле-Балқаш" резерваты аумағына төртінші рет жіберілуі. 2019 жылы бесеу, 2020 жылы 15 және былтыр 61 бұғы жіберілген. Ерекше қорғалатын жануарлар «Қызыл кітапқа» енгізілген.



Хабарламаларға жазылу