Астанада вокалистер байқауының жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада вокалистер байқауының жеңімпазы анықталды

27.09.2014
Астанада вокалистер байқауының жеңімпазы анықталды

Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпазы анықталды.

Бас жүлде Ресейдің Саратов қаласынан келген Светлана Курушеваға бұйырды. Ал 1-орынды алматылық Дамир Сәдуақасов иеленді.

Байқауға 64 қатысушының арасынан соңғы кезеңге 17 адам жолдама алған. Енді бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

Айғаным АЛИПОВА

 

Хабарламаларға жазылу