Қарағанды облысында 10-нан астам үй мен 9 пәтерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 10-нан астам үй мен 9 пәтерді су басты

11.07.2022

Қарағанды облысы Осакаровка ауданына қарасты Сено-косное ауылында нөсер жауыннан кейін 10-нан астам жер үй мен 9 пәтерді су шайып кетті. Баспана ішіндегі су деңгейі 20 сантиметрге көтерілген. Ауыл әкімінің мәліметінше, жауын суы арықтардан асып кеткен. Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері, шұғыл әрекет етті. Зардап шеккендер мен мал шығыны жоқ. Комиссия шешімінен кейін тұрғындарға тиісті көмек көрсетіледі. Қазір жағдай бақылауда.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу