Білім беру саласында 171 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру фактісі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру саласында 171 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру фактісі анықталды

11.07.2022

Білім беру саласында 171 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру фактісі анықтады. Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Қаражат «Жас маман» жобасы аясында бөлінген. Қаржыға сұранысқа ие 100 мамандық бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарын жаңғырту мен халықаралық тәжірибе енгізу қажет болған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі:

Тиісті сараптамалар жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша қылмыстық процестік шешім қабылданатын болады. ҚР Қылмыстық-процестің кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу