Алматы облысында қауіпті көпірден өзенге кұлаған әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысының Талғар өзенінде көпірден құлап, ажал құшқан 40 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, келіншек ағаш көпірден өту кезінде тепе-теңдігін жоғалтқан. Артынша өзенге құлап, оны ағын алып кеткен. Бірнеше күн бұрын сегіз адамнан тұрған альпинистер тобы бекетті айналып өтіп, «Маралсай» демалыс базасының жанындағы тауға шыққан. Келіншектің көпірден құлап кеткенін құтқарушыларға солар хабарлаған.
Полицейлер, құтқарушылар және қорықтың қызметкерлері оны іздеуге шыққан. Жер экскаватормен тазартылған соң құлаған аумақтан 10 шақырым жерде жоғалып кеткен әйелдің денесі табылып, судан шығарылды. Тұрғындардың сөзінше, қайғылы жағдайға қауіпті көпір себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дипфейкті түпнұсқадан қалай ажыратамыз?
17.02.2026, 20:09
Алаяқтықтың жаңа түрі: Банк карталарын бұғаттай бастады
17.02.2026, 20:07
Экологиялық автомобиль мен авиация отынын өндіретін зауыт салынады
17.02.2026, 20:06
Импорт көлемін азайтуға арналған бағыттар айқындалды
17.02.2026, 20:02
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен сөйлесті
17.02.2026, 20:00
XXV қысқы Олимпиадаға шолу
17.02.2026, 17:39
Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
17.02.2026, 17:38
СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
17.02.2026, 17:36