Ақтөбе қаласында көп қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы кешеуілдеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласында көп қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы кешеуілдеп тұр

08.07.2022

Ақтөбе қаласында көп қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы кешеуілдеп тұр. Оған құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп.

Бұл жердегі бірнеше үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатыр. Құрылыс компанияларының басшылары сметаны қайта қарау керек деп отыр. Олар тығырықтан шығу жолдарын аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттарына ұсынды. Халық қалаулылары Есет батыр ауданында салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысымен танысты.Мұндағы пәтерлердің бір шаршы метрінің құны – 180 мың теңге. Панельден салынған бұл баспанаға да сұраныс жоғары.

Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Өзіміздің ойымыз бар қазір мына сметаны қалыптастырған жағдайда оны коэффицентпен жылма-жыл көбейту керек де, сосын сонымен ғана шығара беруге. Ондай тәсілдер баяғыда пайдаланылды. Қазір оны алып тастады да, соған сәйкес егерде қымбаттап жатыр ма қайта өту керек да оны, құжаттарды қайтадан тапсыру керек. Тағы да 1-2 жыл уақыт алып тұр да. Сондықтан, біз министрлікпен жұмыс жасап жатырмыз, оларға өзіміздің ұсыныстарымызды жасап жатырмыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу