Түркі музейі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі музейі ашылды

26.09.2014
Түркі музейі ашылды

Мұнда қойылған заттар түркі өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін көрсетеді.

Олардың мемлекеттік үдерісін көрсететін мөрлер, сан ғасыр бұрын жасалған жауынгерлік қару-жарақтар, этнографиялық бұйымдар осының дәлелі.

Жалпы, тарихи жәдігерлердің бәрі академияны құрушы төрт мемлекетке ортақ заттар.

Музейдің ашылу салтанына арнайы келген Мажарстан, Түркия, Моңғолия, Татарстан ғалымдары «Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің сабақтастығы» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Болашақта музей қорының құнды жәдігерлермен толығуына атсалысатындарын жеткізді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу