Әлемде мұнай бағасы 4 пайызға арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы 4 пайызға арзандады

07.07.2022

Әлемде мұнай бағасы 4 пайызға арзандады. «Брент» маркалы қара алтын сәуірдің ортасынан бері алғаш рет 99 доллардан төмендеген. Ал Америка мұнайының құны 3 жарым пайызға дейін төмендеді. Энергетикалық шикізат нарығындағы жағдайға - рецессия ықтималдығының жоғары болуы себеп. Осыған орай инвесторлар мұнай сатып алудан бас тартуға мәжбүр. Әлемнің орталық банктері ұлттық валюталардың құлдырауынан үрейленіп, базалық пайыздық мөлшерЛемелерді көтере бастады. Бұл жағдай жаһандық рецессия қаупін тудырып отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу