Семейде «Дариға-ай» облыстық жастар театры өзінің 15-ші маусымын ашты.
Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмалық шығармасының желісінде қойылған спектакльді жас режиссер Жұлдызбек Жұманбай сахналады.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған өнер иесі көрерменге ой салатын қойылымы арқылы қоғамды дендеген жат қылықтарды ашып көрсеткен.
Ержан ЖАҚЫП