Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесіне 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесіне 30 жыл

05.07.2022

Биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесіне 30 жыл. Мерейтойға орай Алматыда, ұйымға мүше елдердің Қарулы Күштерінің III әскери-спорттық ойындары басталды. Сайысқа 7 елден 250-ден аса спортшы қатысады. Ауқымды іс-шарада әскери қызметкерлер қоян-қолтық ұрыс, штаттық қарудан ату, жүгіру және гір тасын көтеру сынды спорттың бес түрінен бақ сынайды. Бұған дейінгі жарыстар Ресей мен Қырғызстанда өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ТМД аумағындағы ең ірі әскери додалардың бірі. Үш жылда бір рет өтетін іс-шара шілден  ің 8-іне дейін жалғасады.

Бауыржан Оразбай, ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары:

Біздің спортшылардың дайындықтары іріктеліп, Қарулы Күштердің ең мықты деген спортшыларымызды алдық. Енді жарыс барысында бақтарын сынап, өздерінің спортттық шеберліктерін жарыста көрсетеді деп ойлаймын.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу