Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының «сары» аймағына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының «сары» аймағына кірді

04.07.2022

Коронавирус қайта оралды. Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының «сары» аймағына кірді. Қаланың бас санитарлық дәрігері мегаполисте шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды. Ал, премьер-министрдің орынбасары қазақстандықтар қайтадан медицианлық бетперде тағуды бастау керек, дейді. Коронавирус бойынша елдегі ахуал жайлы әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтсын.

Асылбек Данияр, тілші:

Індет жұқтырып жатқандардың көпшілігі Алматы мен елорда тұрғындары. Мысалы қаладағы мына инфекциялық орталыққа күніне 10-ға дейін науқас түседі. Ауруханада жатқандардың көпшілігі егде жастағы тұрғындар, дейді дәрігерлер.

Елордадағы жұқпалы аурулар орталығында 60 адам коронавирустан емделіп жатыр. Барлығында бір шағым: дене қызуының көтерілуі, диарея, тамақ ауруы, әлісіреу. Науқастардың ішінде өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылғандар жоқ. Ал, ауыр жағдайдағы адамдар оттегі консентраторымен демалып жатыр.

Санжар Серіков, қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігер-эпидемиологы:

9 науқас реанимацияда, 6 науқас ауыр дәрежеде, қалғандары орташа дәрежеде науқастар жатыр. Түсіп жатқандардың көбісі үлкен кісілер және балалар да бар. Сондай-ақ аяғы ауыр келіншектер бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның жаңа толқыны басталды деп дабыл қақты. Елдің денсаулық сақтау жүйесі мұны еңсеруге дайын, дейді Ералы Тоғжанов. Еуропадағы ахуалыдың күрделенгеніне байланысты ел азаматтарына шетелге барарда ойлануға шақырды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

«Сары» аймаққа кіруге байланысты МВК-ның нақты шешімдері бар. Берілген ұсыстармен қатар, шектеулер де болады. Сондықтан, соның бәрін азаматтар ескеру керек. Ашығын айтқанда, азаматтар маска режимін қайтадан ойлауымыз керек. Киюді бастау керек.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері коронавирустың жылдам таралуына байланысты шектеулер енгізді. Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес: науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандар, covid-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу міндеттеледі. 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізілу керек.

Министрліктің ақпараты бойынша, өткен тәулікте 158 адамнан коронавирус анықталған. Қазір ел бойынша мыңнан астам адам емделіп жатыр. Ауруханада жатқан 8 адамның жағдайы ауыр. Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға түсіп жатқандардың көбісі вакцина салдырмаған, ревакцинация жасатпаған.

Асылбек Данияр, тілші:

Денсаулық сақтау мамандары COVID-19-дан сақтану үшін екпе алып, ревакцинация жасату керек дейді. Егер, вирус жұқтырған жұқытған жағдайда жеңіл өтеді. Сондай-ақ бұл індетпен күресудің жалғыз тәсілі.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу