Әкімдер педагогтердің жалақысын уақытылы төлеуді қамтамасыз етсін – Ералы Тоғжанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдер педагогтердің жалақысын уақытылы төлеуді қамтамасыз етсін – Ералы Тоғжанов

04.07.2022

Әкімдер педагогтердің жалақысын уақытылы төлеуді қамтамасыз етсін. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен мемлекеттік органдардың тәуекелдерді талдау мен болжамдық қызметін күшейту мәселесі бойынша кеңесте осы проблема көтерілді. Сонымен бірге, жаңа оқу жылы жақындағанда халық шығынын көбейтпеу үшін бағаны тұрақтандыруға күш салу қажет, деді. Ал, Ауыл шаруашылығы министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімінің нақты болжамын әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің халықты алаңдататын сұрақтарды алдын ала болжап, оларды шешу бойынша нақты алгоритмдерді әзірлеу мәселелері талқыланды.

Хабарламаларға жазылу