Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Шахавское ауылында ірі-қарадан бруцеллез анықталып, елдімекенде шектеу шаралары енгізілді.
Індет ошағынан мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Жыл басынан бері өңірде 345 мыңнан астам ірі-қарадан жоспарлы сынама алынды. Нәтижесінде 85-інің бруцеллез жұқтырғаны анықталды.
Қауіпті індет Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандарында тіркелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстандағы елдімекенде карантиндік шектеулер енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/160691/)