Испанияда орман өртінен жүздеген турист эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда орман өртінен жүздеген турист эвакуацияланды

02.07.2022

Испанияның оңтүстік-шығысындағы Коста Брава курортынан жүздеген турист эвакуацияланды.

Себебі орман өрті қалаға жақындап қалған. Жалын 70 гектар аумақты күлге айналдырды. Құтқарушылар 350-дей саяхатшыны тікұшақтармен қауіпсіз жерге көшірген.

Қазір от шарпыған аумақта өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу