Ақтөбе облысында 524 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 524 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

02.07.2022

Ақтөбе облысында пайдаланылмай жатқан 524 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы өңірге арнайы барған «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері мәлімдеді.

Партия хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек Қобда ауданының тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұған дейін мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің 40 мың гектарға жуығы егістік. Яғни, жоспар 105 пайызға орындалды. Өңірде мал саны артып келеді. Былтыр жеке шаруашылықтарда 315 мың мал басы тіркелген. Сондықтан облыс бойынша елдімекен жерлерінің жалпы көлемін 195 мың гектарға ұлғайтылмақ.

Соңғы бірнеше айда комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекеттік меншігіне өткен.

Дәулет Кәрібек, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы:

Осы Қобда ауданында 2074 га жерді мемлекет меншігіне қайтардық. Енді ауылдың азаматтары әрі қарай жалғастыратын болады. Ал егер Ақтөбе облысы бойынша айтатын болсақ, осы 2-3 апта ішінде біз 20 мың га жерді құзырлы органдармен бірлесіп мемлекет меншігіне қайтардық.

Хабарламаларға жазылу