Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетіне – 70 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетіне – 70 жыл

20.09.2014
Қыздар мемлекеттік педагогикалық  университетіне – 70 жыл

Алматыдағы Республика сарайында Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің 70 жылдығына арналған мерейтой өтті. Ұлағатты ұстаздар «ұстаханасы» атанған қара шаңырақтың қуанышына ортақтасуға халқымыздың зиялы қауым өкілдері қатысты. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Елбасымыздың құттықтау хатын оқып, университет ұжымына алғыс білдіріп, табыс тіледі.

ТМД елдерi арасында тек арулар оқитын жалғыз ғана осы жоғары оқу орнын 70 жыл iшiнде 60 мыңнан аса педагог мамандар бiтiрiп, еліміздің әр өңiрiнде жемiстi еңбек етуде. Бүгінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 10 000 шәкірт білім алады. Мұнда 800 білікті мамандар  мен ғалымдар дәріс береді.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу