Алматыда ойын-сауық клубынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ойын-сауық клубынан өрт шықты

29.06.2022

Алматыда ойын-сауық клубынан өрт шығып, 4 адам құтқарылды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оларды дереу тексерген. Ешқайсысы жарақат алмапты. Өрт тұтанған караоке-бар Медеу ауданындағы үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мекеменің жоғарғы қабаттарындағы қызметкерлер терезеден көмекке шақырған. Қызыл жалынды сөндіру барысында екі адам өрт сөндіру сатысы арқылы түсірілді. Төтеншеліктер тағы екеуіне құтқару қақпағын кигізіп, улы түтіннен аман-есен алып шыққан. 

Мақсұт Ыбраев, қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімінің аға-инженері:

Барлау барысында астыңғы қабаттардан қою түтін шықты, жоғары қабаттағығылар шыға алмай қалған. Өрт 30 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрттің себебі анықталуда.

Хабарламаларға жазылу