Қаржы пирамидаларын жарналамау заң бойынша қылмыс болып саналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы пирамидаларын жарналамау заң бойынша қылмыс болып саналады

28.06.2022

Енді қаржы пирамидаларын жарналамау заң бойынша қылмыс болып саналады.

Бүгін Сенат отырысында осы мәселеге қатысты заң мақұлданды. Құжаттағы жаңа нормаларға сәйкес, қылмыстық кодексте жаңа бап пайда болады.  

Берік Көшербай, тілші:

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы елімізде 24 қаржы пирамидасы болса, 2020 жылы олардың саны 180-ге жеткен. Ал 2021 мен 2022 жылдың 5 айында 225 заңсыз қаржы пирамидасы анықталған. Құқық қорғау органдары 425 қылмыстық іс қозғалған. 158 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 53 адам сотталды. Сонда да, алаяқтарға алданып, қолындағы ақшасынан, дүние-мүлкінен айырылып қалғандар аз емес. Тек былтыр қаржы пирамидаларынан 31 мың адам зардап шеккен. «Тез әрі оңай баюға» асыққандар 54 млрд теңге жоғалтты. Қазір олардың көбі ақшасын қайтара алмай, соттың табалдырығын тоздырып жүр. Сондықтан қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін Заң жобасы әзірленді. Аталған құжатта Қылмыстық кодексті жаңа баппен толтыру ұсынылып отыр. 

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жаңа нормаға сәйкес, қаржылық пирамидаларды жарнамалағаны үшін айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Заң жобаларын қабылдау қаржылық пирамидаларын жарнамалауға қатысқан адамдардың жауапкершілік дәрежесін анықтауға, жасалған құқық бұзушылыққа мөлшерлес жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді және азаматардың құқықтық қорғалуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін болады. 

Берік Көшербай, тілші:

2019-2021 жылдары қаржы пирамидаларын жарналамалағаны үшін елімізде небәрі 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Енді бұған дейін Мәжілісте, ал бүгін Сенатта мақұлданған заң жобасы жауапкершілікке тартуға кедергі келтіретін құқықтық олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу