«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Украинаны қарулы қақтығыстың соңына дейін қолдауға уәде берді. Мұндай мәлімдемені Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония,Ұлыбритания, АҚШ және Еуропа одағы лидерлері Германияда өтіп жатқан саммитте мәлімдеді.
Ал Украина жетекшісі Владимир Зеленский видеобайланысқа шығып, дүниенің ең бай елдерін Украинаға ауыр қару беруді жалғастыруға шақырды. «Біз қаржылық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық көмек көрсетуді жалғастырамыз және Украинамен қанша қажет болса, сонша бірге боламыз», - дейді «Жетілік» басшылары.
Сонымен қатар, саммитке қатысушылар Ресейді Украина порттарындағы астықтың жолын бөгеуді тоқтатуға шақырды.
Айта кетсек, бүгінде Украинадан ондаған миллион тонна бидай әлемдік нарыққа шыға алмай, бірқатар елдерге аштық қаупі төніп тұр.