XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

27.06.2022

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен төртжылдықтың басты бәсекесінде 28 медаль жеңіп алған еді. Оның үшеуі «алтын», жетеуі «күміс», он сегізі «қола». Салтанатты шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев атлеттерді жеңісімен құттықтап, оларға үнемі жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Айта кетейін, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары 1-5 мамыр аралындағы Бразилияда өтті. Дүбірлі додада әлемнің 73 мемлекетінің 4500-ге жуық спортшысы бақ сынасады. Қазақстанның намысын спорттың түрінен 8 түрінен 63 спортшы қорғады.  

Хабарламаларға жазылу