Ақмола облысында жел үш мектептің шатырын ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жел үш мектептің шатырын ұшырды

27.06.2022

Ақмола облысында жел 3 мектептің шатырын ұшырып кетті.

Оқиға демалыс күндері Біржан сал және Бұланды аудандарында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, білім ордаларынан бөлек, 38 жеке тұрғын үйлердің шатырлары зақымданған. Бірқатар елді-мекендерде электр бағандары құлады.

Қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, шығындар есептеліп жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Хабарламаларға жазылу