Қазақстандағы саяси реформалар шетелдік БАҚ назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы саяси реформалар шетелдік БАҚ назарында

26.06.2022

Жалпы, соңғы уақытта Президент әлемдегі оқиғалар, оның ішінде Орталық Азияның рөліне қатысты жоғары деңгейдегі диалогтарда жиі сөйлеп жүр. Қазақстандағы саяси реформалар да шетелдік БАҚ назарында. Елімізде өткен референдум, Тоқаевтың мәлімделері бойынша Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев ұлттық арнаға берген сұхбатында пікірін айтты. Оның ойынша, Орта Азия елдері парламенттік республика моделіне көшуге әлі дайын емес. Бұған Қырғыз елінің тәжірибесі дәлел. Парламенттік билік жүйесі нәтиже бермегендіктен, айыр қалпақты ағайын былтыр қайтадан президенттік басқаруға оралған еді. Асқар Ақаевтың сөзінше біздің елдерде парламентаризм мәдениеті әлі қалыптасқан жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Петербург форумындағы сөйлеген сөзіне қатысты да ойын айтты. 

Асқар Ақаев, Қырғызстанның экс-президенті (1991-2005): 

Мен Президент Тоқаевтың Петербор форумындағы сөйлеген сөзін мұқият тыңдап шықтым. Оның жауаптары «мінсіз» болды деп айтуға болады. Басқаша болады деп те күтпедім. Расында, ол өте мықты дипломат. Әрбір сұраққа дипломатияның ең жоғарғы үлгісіне сәйкес жауап берді. Мен бұл сұхбатты тамсанып отырып тыңдадым. Қазақтардың осындай көшбасшысы бар екеніне мақтандым.


Хабарламаларға жазылу