УЕФА Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро айыппұл салды. Себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

УЕФА Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро айыппұл салды. Себебі неде?

25.06.2022

Көрерменсіз футбол футбол емес. Сондықтан осындай матч кезінде жанкүйерлер, фанаттар жиналып командасына қолдау білтіретіні қалыпты жағдай. Бірақ олардың шектен шығып кететін кездері де болады. Мәселен, таяуда Ұлттар лигасы аясында Молдова мен Қазақстан арасында өткен ойын кезінде біздің жанкүйерлердің трибунадан неше түрлі заттар лақтырып, алаңға жүгіріп шыққаны белгілі. Осыған байланысты, УЕФА Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро айыппұл салды. Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың матчтарына жанкүйерлерді қатыстырмауы әбден мүмкін.

Уәлихан Қосанбай, телекомментатор:

Жалпы, домалақтап айтатын болсақ, жанкүйерлердің мәдениеті бар. Енді бір ойын жанкүйерлер мәдениетіне қара дақ жасағаны белгілі. Ол Молдоваға қарсы Ұлттар лигасы тоғыспа кездесуде. Енді ол ойын былай айтқанда біз үшін қатты маңызды болды. Ол кездесу барысында да жанкүйерлер эмоциясын ұстай алмай қалды. Сондықтан алаңға бөгде заттар тастады. Абырой болғанда дер кезінде командамыздың капитаны Асхат Тағыберген келді де, жанкүйерлерді тыныштандырды.

Атыраудаөткен аптада жанкүйерлер жанжал шығарып, 30 адам ұсталды.Футболдан ел біріншілігінің 14-ші туры аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» командаларының ойыны басталмай жатып стадионға жиналғандар төбелесті. Дыбыстық петардалар тасталды.

Мұратбек Биманов, Қазақстан футбол федерациясының сарапшысы:

Әкім жергілікті құқық орындарына қатысқан азамттар әкімшілік жазаға тартылды, эмоцияға беріліп тұрады. Ондай жағдайлар әр түрлі болып тұрады жалған ақпарат таратпау керек, уилтрос деген бар комнадаларына қолдау жасайды, бірақ шектен шықпағаны абзал.

Дегенмен жанкүйелерге қатысты келеңсіз оқиғалар тек футбол матчтарында ғана болмайды. 2020 жылы Дубайда өткен теннис турнирінде қазақстандық блогеройын үстіндеәлемнің бірінші ракеткасысербиялықНовак Джоконовичті және француз Гаэль Монфисті боқтаған. Ол ол ма, бұл әрекетін әлеуметтік желіге салыпмақтанған.

Мұратбек Биманов, Қазақстан футбол федерациясының сарапшысы:

Мәселен үлкен теннисті алатын болсақ, жанкүйерлер тыныш отыру керек, ойын аяқталғанда реакция білдіреді. Бокс сияқты шараларда айқайлап отырады., ал футболда толқын жасау, бараманмен, бұл жерде шектеу жоқ қолдау көрсеткенде, ең бастысы заңсыз әрекеттерге жол бермеу, УЕФА тарапынан айыппұл төленеді, ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Уәлихан Қосанбай, телекомментатор:

Бұл жерде жанкүйер мен фанатты бірінші ажыратып алу керек. Жанкүйер деген қарапайым, біз бен сіз сияқты адам. Демалыс үшін футболға барып, матчты көріп қайтады. Ал фанат деген сол команда үшін енді барын салады деп айтқанымыз дұрыс шығар. Әрбір ойындарына барып, футболшылар дұрыс ойнамаса, футболшылармен сөйлесіп, бапкермен жолығып, міне, осы фанат дейді. Еуропада бұл бөлінген. Англияда мысалы фанаттар өте көп.

Елімізде Ұлттық құраманың ойындарын өткізуге рұқсаты бар екі стадион бар. Олардың бірі Алматы орталық стадионы, ал екіншісі міне осы елордада орналасқан Астана арена стадионы. Бұл халықаралық стандарттарға сай салынған елордадағы айрықша нысандардың бірі. 2009 жылы ашылған кешен ең алдымен футбол матчтарын өткізуге арналған, дегенмен ірі спорт және мәдени шараларға да ыңғайластыруға болады. Жасанды көгалмен көмкерілген алаңның ұзындығы 105 метр болса, ені – 68 метрді құрайды. Бұл нысанды тұрғызу үшін 182 млн доллар қаражат кеткен.

Жағдай жасамасақ нәтиже талап етудің өзі ұят. Қазақстандандағы стадиондар әбден тозығы жеткен. Биыл мамыр айында Шымкент қаласында дүлей дауылдан стадионның шатыры ұшып, алаң ортасына құлаған. Ол кезде Ордабасы мен Ақсу командалары арасында кездесу өтіп жатқан болатын.

Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының бас маманы:

Оқиға орнына Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Сол жерде ұшқан шатырды бөлшектап, тазарту жұмыстарын атқарған. Оқиға орнында зардап шеккен және қайтыс болғандар жоқ.

БЕК Төлеуов, сарапшы:

Қазақстанда 30 жылдың ішінде екі ғана стадион салында, бірі Астана Арена, оның өзі жасанды алаң, екіншісі Түркістанда қаншама ақша 32 миллиард теңге жұмсалды. Бірақ халықаралық талаптарға сай емес, ондай көлемде ақшаға екі үш стадион салып жатады, Еуропада. 0922 7 мың көрермен ғана екі жағында отырады, қақпаның артында отыратын жер жоқ басқа да талаптар сақталмаған, тіпті Тұран командасы ойнағанда жаңбыр жауып ортасына су болып жиналып қалды. Оны ағызатын орын болу керек, ондай орнатылмаған.

Мұратбек Биманов, Қазақстан футбол федерациясының сарапшысы:

Стадион ол ең маңызды, жасыл алаңның сапасы, инфрақұрылымның жағдайы жарық беру құрылғылары, сосын телетүсірімге арналған площадкалар қажет. Бізге ірі региондарға жаңа стадиондар қажет. 60-70 мыңдық стадиондар қажет емес қой, бірақ, регионға 15-20 мыңдық стадиондар салынса ол құба құп. Федерациядан ұсыныс болу керек, жоғары жақтан қолдау болу керек.

Мақпал Сержанқызы


Хабарламаларға жазылу