Біздің дәуірімізге дейін қазіргі Маңғыстау жерін тегіс су басқаны ғылыми зерттеулерден белгілі.
Қазба жұмыстары кезінде табылған белениттер мен акула тістері, кит қабырғалары, ихтиозавр сүйектері тағы көптеген теңіз жануарының дене бөліктері көрермен назарына ұсынылды.
Тарихи құнды дүниеге айналған тіршілік иелері осыдан екі мың жыл бұрын көзден ғайып болып, бүгінде экспонатқа айналған.
Бұлар 20 жылдан бері жаңартылмаған музей қорына қосылып, жаңа реңк беріп отыр.
Жазира ӘБІЛ