Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовты қабылдады

25.06.2022

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық қаржы орталығының басшысына көптеп инвестиция тартуға тапсырма берді.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қайрат Келімбетов орталықтың 2021 жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндады. Әрі жақында болатын «Astana Finance Days» халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы сөз болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Келімбетовке Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу