Алматыда жауған нөсер жауын тұрғындарды әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жауған нөсер жауын тұрғындарды әбігерге салды

24.06.2022

Алматыда жауған нөсер жауын жолаушылар мен тұрғындарды әбігерге салды. Қазір мегаполисте су басудың алдын-алу мақсатында жауапты мекемелерден кезекшілік ұйымдастырылған.

Қуан Hұрақын, тілші:

Бүгін күн түске дейін шайдай ашық болған. Еш жауынның лебі білінбеген еді. Түс ауа қара бұлт үйіріліп, нөсер жаңбыр жауды. Жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындап, қалада ұзын-сонар көлік кептеліс пайда болды. Тіпті, көше ортасында бір қоғамдық көлік өртке оранды. Мамандар бұған себеп, тоқтың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін дейді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, мегаполисте қазір судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету мақсатында 700-ге жуық адам, 245 арнайы техника мен 2000-ға жуық құм салынған қап дайындалған. Төтенше жағдайлар департаментіне үйімізге су кірді деп, 100-ден аса тұрғын хабарласқан. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша жаңбыр кешке дейін тоқтауы тиіс. Ал, ертең күн райы ашық болады деп жорамалданған.


Хабарламаларға жазылу