Северодонецкті қорғайтын әскерге қаладан кету туралы бұйрық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Северодонецкті қорғайтын әскерге қаладан кету туралы бұйрық берілді

24.06.2022

Северодонецкті қорғап жатқан украиналық күштер қаладан кету туралы бұйрық алды. Мұны Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай мәлімдеді.

Соңғы бірнеше күнде Ресей әскері қаланы қоршауға алуға жақындап қалған. Енді Лисичанск қаласын шабуылдауды үдете түсті. Екі қаланың басым бөлігі ресейліктердің бақылауында.

Осылай жалғаса берсе, Украина күштеріне қоршауға түсіп қалу қаупі төніп тұр. Жергілікті әскер Северодонецктен шыға бастады ма, жоқ па - бұл жағы әзірге белгісіз.

Айта кетсек, қаладағы үйлердің 80 пайызы қираған.  

Хабарламаларға жазылу