Қытайдың 7 провинциясында нөсер жауын жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың 7 провинциясында нөсер жауын жауды

24.06.2022

Қытайдың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде үздіксіз нөсер жауып, су тасқыны жүрді. Бұл өңірлерде 113 өзен арнасынан тасыған.

Жауын-шашын мен тасқыннан Гуандун провинциясының бір өзіне 261 млн доллар шығын келді. Тасқын жайлаған аудандарда су мен электр қуатын беру үзілген.

Ал Гуансиде тасқын кезінде үйлер мен өзге де ғимараттар су астында қалды. Көпірлер мен жолдарды су шайған. Тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілді.

Хабарламаларға жазылу