Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

24.06.2022

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» мен «Жылдың үздік сапалы қызмет көрсетушісі» белгілі болды. Бүгін мемлекеттік қызметші күні аясында қолға алынған байқауды жеңімпаздары марапатталды.

Мерекелік шараға, елорда әкімі, саланың ардагерлері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев конкурста жеңіске жеткен азаматтарды құттықтап, қызметтегі жаңа сын-тегеуріндерді шешуде мемлекеттік қызметшінің миссиясы аса зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ, сала мамандарының интеллектуалдық білімін шыңдау мақсатында алғаш рет «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ойыны өткізілді. 

Хабарламаларға жазылу