Шәкәрім Құдайбердіұлының суретіне қатысты құнды дәлелдер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкәрім Құдайбердіұлының суретіне қатысты құнды дәлелдер табылды

18.09.2014
Шәкәрім Құдайбердіұлының суретіне қатысты құнды дәлелдер табылды

Семейдегі Абай мұражайының қызметкерлері Шәкәрім Құдайбердіұлының суретіне қатысты құнды дәлелдерді тапты.

Осы күнге дейін Шәкәрімнің бүркіт ұстап отырып түскен фотосуретіне қатысты дау туған еді.

Тарихшылар нақты дәлелдің жоқтығынан «Суретте мүлдем басқа адам болуы мүмкін»,  деген пікірлерді айтып келген.

Мұражай мамандары суреттегі ақынның өзі екендігін дәлелдейтін түпнұсқаны Мәскеу мұрағатынан тапты.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу