Біртанов ісі: Лауазымды тұлғалар сотқа шақырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біртанов ісі: Лауазымды тұлғалар сотқа шақырылды

23.06.2022

Асқар Мамин, Ералы Тоғжанов, Тамара Дүйсенова және Бағдат Мусин бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сотына шақырылды. Аталған тұлғалар сот отырысына куәгер ретінде қатысады. Бұл туралы экс-министр әлеуметтік желіде жазды. Біртанов өзіне тағылған айыптар бойынша лауазымды қызметкерлердің сот талқылауына қатысуын сұраған. Сот өтінішті қанағаттандырды. «Бұрынғы әріптестерімнің шынайы айғақтары маған тағылған айыпта шындықты анықтау үшін көмектеседі деп сенемін» дейді бұрынғы министр. Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ал төрт айдан кейін күдікті деп танылып, ұсталғаны белгілі болды. Прокурор экс-министрге лауазымды өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағып отыр.

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу