ДДСҰ төтенше жағдай жариялауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ төтенше жағдай жариялауы мүмкін

23.06.2022

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы маймыл шешегіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялау мәселесін қарастырмақ. Бұл жиын бүгін өтеді. Осы ұйымның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың мәлімдеуінше, әдетте Африка континентінен аспайтын вирус әлемнің 40-тан астам еліне, әсіресе, Еуропаға көбірек тарай бастаған. Жер шарында маймыл шешегін 3300 адам жұқтырған. Сол оқиғалардың 80 пайызы «Қарт құрлықта» анықталып отыр. Гебрейесус бұл жағдайды «ерекше әрі алаңдатарлық» деп сипаттады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу