Франция президенті парламенттегі басымдықтан айрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция президенті парламенттегі басымдықтан айрылды

20.06.2022

Франция президенті Эммануэль Макрон парламенттің төменгі палатасындағы абсолюттік басымдықтан айрылды.

Оның «Бірге» коалициясы жексенбі күні өткен Ұлттық Ассамблея сайлауында бұрынғыдай 300-ден астам емес, 245 орын ғана иеленді. Сондықтан Макронға азаматтардың зейнетке шығу жасын көтеру, салықты төмендету, мемлекеттік жәрдем жүйесін өзгерту тәрізді ауқымды реформаларды жүзеге асыру үшін өзге партиялармен одақтасуға тура келеді.

Кешегі парламенттік сайлауда екінші орын әсіре солшылдарға, үшінші орын оңшылдарға бұйырды.

Айта кетсек, Макрон сәуірде өткен президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жеткен. Алайда осы жолы солшылдар мен жасылдар зейнеткерлік жасын 62-ден 60-қа түсіру, ең төменгі жалақыны 1500 еуроға дейін көтеру, бағаның өсуін тоқтату тәрізді идеяларымен электораттың айтарлықтай бөлігін өз жағына тарта білген. 

Хабарламаларға жазылу