Күрделі геосаяси ахуалға қарамастан Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастық қарқынды дамып келеді.
Форумнан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын талқылады. Бұл бағытта алаңдауға негіз жоқ деді Мемлекет басшысы. Бәрі қалыпты жағдайда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша нақты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Биыл ерекше жыл – дипломатиялық қатынастарымызға 30 жыл. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл бағыттағы қарым-қатынастарымыз одан әрі қарқынды дами береді деп ойлаймын.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Петербург экономикалық форумына келгеніңіз үшін к өп рахмет. Біз үшін елдеріміз арасындағы ерекше қатынастарды атап өту және өзіңізбен негізгі бағыттар жөнінде, әсіресе экономика саласы бойынша пікір алмасу маңызды. Жаңа ғана форум аясында осыны айттық. Айтпақшы, осы форумда 7 миллиард деп қате айтыппын. Қазақстан экономикасына салынған инвестиция 17 миллиард доллар. Тауар айналымы артып келеді. Сіз жаңа ғана бұл туралы айтып өттіңіз. Былтыр осы көрсеткіш 25 миллиард доллар болса, биыл алғашқы үш айда 12 миллиардтан асқан. Егер осындай қарқынмен дами берсе, рекордтық көрсеткішке қол жеткіземіз.