Елордада «Family steam challenge – 2022» жобасы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Family steam challenge – 2022» жобасы аяқталды

18.06.2022

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында өткен «Family steam challenge – 2022» республикалық отбасылық сайысының жеңімпаздары белгілі болды. «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе өткізген жарысқа 444 отбасыдан өтініш түскен. Соның ішінен іріктелген 16 жанұя финалда бақ сынады. Берілген тапсырма 90 минутта ағаштан көпір жасау. Талап бойынша жеңімпаз көпірдің сапасы мен қаншалықты ауыр салмақ көтеруіне қарай анықталады. Мұндай жоба Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

Рахымбек Жолаев, «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Отбасылар біз де осындай нәрсе жасай аламыз деп балаларымен жиі сөйлесіп, балаларының оқу үлгерімін қадағалап өмірге деген құлшыныстары балаларының бойындағы қабілетін, дарынын көбірек ата-аналар байқап оны ашуға мүмкіндіктер жасайды деген мақсатымыз бар.

Мұхаммеджан Мырзаев, қатысушы:

Маған нағашы тәтем айтты. Мен нағашы тәтемнің айтқанына қызығып сосын мен де осы сайысқа ат салысқым келді. Біз жеңімпаз болдық та финалға шықтым, сосын Астанаға келіп отырмыз. Осы жарыстан жеңсек деп отырмыз.

Айта кетейік, жоба балалар жылы аясында ұйымдастырылған. Жүлдегелерге 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Ал, шешуші кезеңге жолдама алған қатысушыларға «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі атынан 100 000 теңгеден берілді

Хабарламаларға жазылу