Испанияның Каталония аймағында мыңнан астам гектар аумақ жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Каталония аймағында мыңнан астам гектар аумақ жанып кетті

17.06.2022

Испанияның Каталония аймағында мыңнан астам гектар аумақ жанып кетті. Тілсіз жаумен күреске жүздеген адам, 120 техника мен 21 ұшақ жұмылдырылды. Алайда, Балдомар қаласы маңындағы лапылдаған жалынды сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. 20 мың гектардай ағаш пен егістік алқабына да қауіп төнді. Орман өртінің бүкіл елге тарауына, аптап ыстық пен ұйытқыған жел себеп болды. Испанияның көптеген аймағында ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Соның салдарынан ормандарда өрт ошақтары көбейе түсуі мүмкін. 

Арыстан Рысбек 

Хабарламаларға жазылу