Оңтүстік Корея: Internet Explorer қызметін тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея: Internet Explorer қызметін тоқтатты

17.06.2022

Оңтүстік Кореяда Microsoft компаниясының тарих қойнауына кеткен Internet Explorer браузеріне арналып құлпытас орнатылды. Оны жергілікті инженер-программист Чон Ки Ён 333 доллар төлеп тапсырыспен жасатқан. Ён естелік белгіге «Ол өзге браузерлерді жүктеу үшін жақсы құрал еді» деп жаздырған. Жұмыс істеуі қиын әрі заманға бейімсіз Internet Explorer 1995 жылы пайда болып, осы айдың 15-де қызметін тоқтатты. Бұл браузер 2000-шы жылдардың соңына Google Chrome-ға есе жіберіп, қолданыстан бірте-бірте шыға бастаған еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу