Павлодарда өрт сөндіруші 7 жасар баланы аман алып қалды
Павлодар қаласында өрт сөндіруші жанып жатқан пәтердің ішінен 7 жасар баланы алып шықты.
Құтқарушы есікті бұзып кірген. Бұл кезде 8-ші қабаттағы пәтер ішінде жиһаздар лаулап жанып баспананы түтін басқан. 31 жастағы Дастан Сүлейменов балаға бірден оттегі беретін құтқару құралын кигізіп далаға шығарады. Дәрігерлерге тапсырған соң жұмысына қайта кіріседі.
Тілекжан Ғалямов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:
Қатты иіс тигендіктен бала есінен таңып қалған екен. Дәрігердің көмегінен кейін оянды. Осы өрт кезінде тағы үш бала және бір ер адам құтқарылды. 25 тұрғын далаға шығарылды. 8-ші қабатта басталған өрт 9-шы және 10-шы қабаттағы пәтерлерлерді де шарпыды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21
Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген
20.01.2026, 13:18
Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
20.01.2026, 13:15
Курчатовта электр станциясы салынады
20.01.2026, 13:12
Р.Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек
20.01.2026, 13:09
Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
20.01.2026, 13:06