Қарағанды облысына қарасты шежірелі қарт Қарқаралы қаласына биыл - 190 жыл. Мерейтойға орай, осы өлкеден табылған тарихи-археологиялық жәдігерлер көрмесі өткізілді.
«Қазақфильм» ұжымы осы өлкеден шыққан тұлғаларға қатысты 5 бірдей деректі фильмді тарту етті.
Жергілікті жұрттың назарына «Мәди» фильмінен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар, ақындар айтысы, аламан бәйге ұйымдастырылды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ