Түркістанда су тапшылығы мәселесін жою үшін арнайы топ құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда су тапшылығы мәселесін жою үшін арнайы топ құрылды

16.06.2022

Түркістан облысы дихандарының еңбегі еш кетуі мүмкін. Өңірдегі 126 мың гектар аумақтағы көкөніс пен бау-бақша қурап кетудің аз ақ алдында тұр.

Осыдан бірер күн бұрын ағын суға зәру шаруалардың жанайқайын айтқан болатынбыз. Олар жауапты мамандар Шардарадан «Көксарай» реттегішіне су жібермей қойғанына наразы. Тіршілік нәрі Сырдария арқылы Қызылорда облысына жіберіліп жатқан көрінеді. Оңтүстіктегі ағайынның талабынан өңір әкімі де хабардар болып шықты. Қазір мәселенің шешу жолдарын қарастырып жатырмыз, дейді.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

Біз қазір су объектілері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау үшін Қызылорда және Түркістан облыстары арасында келісім жасап жатырмыз. Бұған түсіністік таныту керек. Өйткені, су тапшы, біз оны білеміз. Қазір арнайы топ құрылды. Нақты шешімдер қабылданатын болады.


Хабарламаларға жазылу