Алматыдағы ірі сауда орталығына келушілер шұғыл эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ірі сауда орталығына келушілер шұғыл эвакуацияланды

15.06.2022

Полицияның хабарлауынша, нысанға «жарылғыш зат қойылды» деген ақпарат түскен. Сауда нысаны әкімшілігі дер кезінде тиісті шара қолданған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе жалға алушылар мен қонақтарды қауіпсіз жерге шығарған. Қысқа мерзімде аумақ жіті тексеріліп, хабарламаның жалған екені анықталды. Елді дүрліктіргендер іздестіріліп жатыр.

Авторы: Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу