Ақтауда «Super bol» жобасының іріктеу турына 300-ден астам ойыншы қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Super bol» жобасының іріктеу турына 300-ден астам ойыншы қатысып жатыр

14.06.2022

Ақтауда «Super bol» жобасының іріктеу турына 300-ден астам ойыншы қатысып жатыр.

Басым бөлігі 5-6 жылдан бері футбол клубтарында шыныққан ойыншылар. Олар отандық және шетелдік қырағы мамандардың алдында допты қабылдау, қарсыласты алдап өту мен пас беруден сынға түсті. «Super bol» жобасының басты мақсаты- кәсіпқой ойыншы болғысы келетін, алайда түрлі себептермен оған мүмкіндігі болмай жүрген жастарды анықтау. Ол үшін 8 өңірден мықты деген 150 ойыншы іріктеледі. Олар Алматыдағы финалда бақ сынап, ішінен 50 үздік ойыншы таңдалады. 25 адам ұлттық құраманың базасында 2 ай бойы кәсіпқой команда ретінде дайындалады. Ал, қалған 25-і резервте болмақ.

Алпамыс Мұратов, ойыншы:

Мен осы жаққа футбол ойнау үшін, ұту үшін келдім. Қарсыластар көп, балдар өте көп екен. 7 жылдай болды қатысып жүргеніме, сол бағымды сынайын деп келіп тұрмын. Арманымыз бәріміздің ұлттық құрамадан көріну, ойнау. 

Айдын Қожахмет, жобаның креативті директоры:

Ақтөбеде мысалы ойыншылардың деңгейі өте жоғары болды. Павлодарда да Семейде де ұнаған ойыншылар болды. Ақтаудан да жақсы шебер балдарды табамыз деп үміттеміз Мүмкін солардың арасында да жұлдыздар бар шығар. Болашақ біздің қазақ футболының жұлдыздары.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу