Батыс Қазақстан облысында Конституция күніне орай бұқаралық жүгіруден жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында Конституция күніне орай бұқаралық жүгіруден жарыс өтті

31.08.2014
Батыс Қазақстан облысында Конституция күніне орай бұқаралық жүгіруден жарыс өтті

Батыс Қазақстан облысында  Конституция күні кеңінен аталып өтті.

Орал қаласында Ата Заң мейрамына орай, облыс әкімінің орынбасары  Бақтияр Мәкеннің қатысуымен бұқаралық жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. Оған 500-дей адам қатысты.

Орталық Абай алаңында театрландырылған көрініс қойылып, Тәуке хан, Қазыбек, Төле, Әйтеке би кейпіндегі әртістер қазақ халқының тарихындағы «Жеті жарғы» заңы жөнінде әңгімеледі.

Алаңға жиналған жұртшылықты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, еліміз Ата Заң аясында Елбасымыздың салиқалы саясатына сәйкес алға басып келе жатқанын атап өтті.

Шарада өңірдің танымал өнерпаздары отаншылдық рухтағы әндерді шырқап, көрермендерге халық билерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу