Есеп комитетінің басшысы: Халықтың бір бөлігі жалаң аяқ жүру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есеп комитетінің басшысы: Халықтың бір бөлігі жалаң аяқ жүру керек

12.06.2022

Иә, мәселесін шешуге әлі жетпейтін әлеуметке қор «қанатымен су сепкен қарлығаштай» көмектесе берсе екен... Дегенмен, күнделікті ішіп-жер тамағы, киер киімі де уайымға айналған қарашаны не істейміз? Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолдары еске түсіп тұр: «Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп»...

Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова Мәжілістің отырысында кедендегі тексерістің қорытындысына таң қалып, елге кіргізілетін аяқ-киім сомасы бойынша сәйкессіздік бар екенін мәлімдеді. Ол есепке сай «халықтың бір бөлігі жалаң аяқ жүру керек» - деген қорытындыға келген. Аса қымбат емес тауардың өзінен қалтаға басып отырса, өндірістік, цифрлық қондырғыларды қозғасақ, қандай былық анықтар екенбіз?

Есеп комитетінің басшысы бюджетті жоспарлау ісіне де көңілі толмайтынын айтты. Наталья Годунова сол шикіліктің салдарынан кей министрліктер ақшаны игере алмай отырғанда күнделікті қажеттілікке қаржы жетпейтінін сынады. Депутаттар да үкіметке, оның ішінде Қаржы министріне осы мәселені көтеріп, сауал жолдады.

Иә, «идеал» үкіметте солай болуы шарт. Бірақ реалист болып кеткелі қашан?! Мәжілістің отырысында Наталья Годунова кірістің үштен бірі, дәлірек айтсақ, 36 пайызы Ұлттық қордан алынып жатқанына да қынжылыпты. «Бюджет қаржысын жолдардың жобалық-сметалық құжаттарын жасау үшін деп 50 миллиондап оңды-солға шашамыз, бірақ келер жылы оларды қаржыландыра аламыз ба? Соны ойлай бермейміз», - деді ол.


Хабарламаларға жазылу