Референдум қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында табысты өтті. Халықаралық сарапшылар саяси науқанға осындай баға беріп отыр. Олардың пікірінше, реформа Қазақстанның одан әрі табысты дамуына жол ашып, заманауи сын-қатерлердің алдын алады.
Аза Мигранян, Посткеңестік зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері:
Халық әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешілуі үшін өз таңдауын жасады. Қазақстанды институционалды өзгерістер күтіп тұр. Жаңадан қалыптасатын институттар азаматтардың көңіл-күйін бақылауға, әлеуметтің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бірауыздан қолдап, дауыс берген азаматтардың сенімін арттырады деп ойлаймын.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Реформа заманауи сын-қатерлерге жауап - сарапшылар пікірі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/159526/)