Елордада «Жаңа Қазақстан – жаңашыл педагог» атты конференциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Жаңа Қазақстан – жаңашыл педагог» атты конференциясы өтіп жатыр

10.06.2022

«Жаңа Қазақстан – жаңашыл педагог». Елордада осындай атаумен ағарту саласы мамандарының конференциясы өтіп жатыр. Жиында педагог мәртебесін көтерудің өзекті мәселелері талқыланды. 100-ге тарта ғалым, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары білім саласындағы озық ойларымен бөлісті. Өздерінің зерттеу жұмыстарына байланысты эссе жазудан да сайысқа түсті. Байқаудың қорытындысы бүгін жария етілмек.Үздік авторлардың еңбектері жазба күйінде қалмайды, келешекте кәдеге жарату жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар.

Саят Нәбиев, «Bilim-orkenietі» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы басшысының орынбасары:
Ол мәселелерді біз қарастырып, сараптап, үздіктерін Білім және ғылым министрлігінің қасында арнайы зерттеу орталықтары бар. Сол жақа жолдаймыз.


Хабарламаларға жазылу