Алматыда балмұздақ шығаратын зауытта аммиактан уланған үш жұмысшының жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балмұздақ шығаратын зауытта аммиактан уланған үш жұмысшының жағдайы ауыр

09.06.2022

Алматыдағы балмұздақ шығаратын зауытта аммиактан уланған үш адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Оқиға осыдан екі күн бұрын болған еді. Алматыдағы «Шин-Лайн» компаниясының цехында мұздату құрылғысынан ақау шығып, 500 грамм аммиак ағып кеткен. Ауаға тараған химиялық қосындының буына уланған бес қызметкер қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген.

Айта кетейік, бұл мекемеде жұмысшылар 3 ауысымда жұмыс істейді. Зауыт тәулігіне 60 тоннаға дейін балмұздақ шығарады. Төтенше жағдайдан кейін компания ішкі тергеуді бастады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу