Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Беларусь вице-премьерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Беларусь вице-премьерімен кездесті

09.06.2022

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Беларусь Республикасының бірінші вице-премьерімен кездесті. Николай Снопков Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысына қатысу үшін келген.

Тараптар ынтымақтастықты тереңдетіп, өзара сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Премьер Әлихан Смайыловтың айтуынша, екіжақты тауар айналымды арттыру үшін барлық мүмкіндік бар. Қазір өнеркәсіптік кооперация саласында Беларусь тарапымен бірлесіп, жалпы сомасы 100 млн доллар болатын 7 жоба жүзеге асырылды. Тағы 14 млн долларға 2 жоба қолға алынды.

Сондай-ақ жаңа жобалар пысықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу