Елімізден ЖСН алған ресейліктер саны 42 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізден ЖСН алған ресейліктер саны 42 мыңнан асты

08.06.2022

Елімізден жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктер саны 42 мыңнан асты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше былтыр осы кезде небәрі екі жарым мыңдай ресейлікке ЖСН берілген. Биыл көрсеткіш 19 есе артып отыр. Шетелдіктерге Қазақстан ЖСН-і банктен шот ашқанда, жұмысқа тұрып, автокөлік сатып алатын кезде қажет. Айта кетейік, бұған дейін шетел азаматтарына сәйкестендіру нөмірін егов порталында онлайн беру қызметі қазанға дейін тоқталыған еді. Оған дейін олар ЖСН-ды халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп алуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу